Халықаралық отбасы күнімен ерекше құттықтады

357

15-мамыр – халықаралық отбасы күні. Аталған мерекені кең көлемде атап өту мақсатында Сайрам ауданы орталығындағы перзентханада мерекелік іс-шара ұйымдастарылды. Аталған шараға аудан әкімінің орынбасары Мадияр Оразалиев және аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі басшысының м.у.а Н.Сапарбаев, «Ақсукент» Сайрам аудандық емханасының бас дәрігерінің орынбасары Ш.Убайдуллаев қатыстып, бүлдіршіндерге туу туралы куәліктерді салтанатты түрде табыс етті.

Аналарды Мадияр Оразалиев арнайы құттықтап, олардың қоғамдағы рөлін ерекше бағалады. Сонымен қатар, құрмет көрсетіп, сый-сияпат жасады.

«Бір қолымен бесікті, екінші қолымен әлемді тербеткен» аналарға құрмет бір күннің аясында тоқталып қалмайды. Халықаралық отбасы күнінде ұйымдастырылған шара соның бір көрінісі ғана.