МӘМС-тағы өзгерістерді білесіз бе?

357

Енді өз саулығыңызды сақтандыру үшін ай сайын ақша төлейсіз. Дәлірегі, 2020 жылдан бастап міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру үшін жалақыңыздан 1 пайыз теңге ұсталынбақ.

Ал әдетте бұл тиісті теңгені төлеп келген жұмыс берушінің төлем пайызы да артып отыр. Яғни, 1,5 пайыздан 2 пайызға өсті. Сондай-ақ, жеке өзін-өзі жұмыспен қамтушылар, ондағы такси жүргізушілері немесе өзге де еңбеккерлер 1 айлық есептік көрсеткіш көлеміндегі қаржыны 30 күн сайын қорға аударуына болады. Маңызды жаңалықты әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының Шымкент қаласы бойынша ресми өкілдері мәлімдеп отыр.

Сөздеріне сенсек, бұл бастама Қазақстан Республикасы азаматтарының өз денсаулығы үшін жұмсайтын қаржысын үнемдеуіне сеп болмақ. Және осы мақсатта биылдың өзінде, аталған қор 98 медициналық мекемемен келісім-шартқа отырған. Оның 63-і — жекенің меншігіне тиесілі медицииналық орталықтар екен.

Мөлдір Бекеева