Мырзакентте құрма мен су тегін таратылды

477

Мақтаарал ауданының орталығы Мырзакентте құрма мен су тегін таратылды. Қасиетті Рамазан айында Алланың разылығы үшін 30 күн ораза ұстауды ниет етіп, ауыз бекіткен азаматтарға үлестірілді. Бұл бастамаға мырзакенттіктер таңдана қараған. Өйткені мұндай шара ауданда алғаш рет қолға алынып отыр.

Қайыры мол шараға аудан мешіттерінің имамдары мен мешіт жамағаты, аудандық сот қызметкерлері мен аудандық “Жастар ресурстық орталығы” КММ қызметкерлері мұрындық болды.

Ауданда алғаш рет ұйымдастырылып отырған шара тұрғындардың таңданысын тудырғанымен игілікті бастаманың жалғасын табуына тілек білдірді.

Жанар Есенбекова