Халықаралық отбасы күніне орай Салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының мамандары «Аналар үйіндегі» бөбектер мен аналарына сыйлықтар үлестіріп берді. Қазір бұл жерді қиын жағдайға тап болған 7 азаматша баласымен бірге паналап жүр.

Фарида Байзахова, облыстық салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының директоры: «Арнайы аналар үйіне келдік. Шымкент қаласында екі аналар үйі бар. Орталықтың жастар орталығы екі аналар үйімен меморандумға қол қойған. Меморандум аясында осындағы аналарға психологиялық, медициналық кеңес беріледі. Үнемі арнайы осында келіп психологиялық кеңес жүргізіп, ары қарай жақсы өмір сүруіне талпынуына аналарға қажетті кеңестер беріп отырамыз Сондай- ақ, жас аналарға баланы дұрыс емізу, тамақтандыру сияқты кеңестер беріледі».

Салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының мамандары аналарға дәрілік заттар мен балаларға ойыншықтар, жөргектер, басқа да керек-жарақтар апарып берді. Шымкент қаласындағы «Ана үйінің» үйлестірушісі айтуынша, соңғы бес жылда мұнда 200-ден аса жалғыз басты анаға көмек көрсетілген.

Лаура Нақыпқызы