Úı ANONS Ағасына бауырын беріп, өмірін сақтап қалды

Ағасына бауырын беріп, өмірін сақтап қалды

41 жастағы ер адамды 20 жастағы туған қарындасы бауырын беріп, аман алып қалды. Ота Түркістан облыстық клиникалық ауруханасы мен  Сызғанов атындағы Ұлттық ғылыми хирургия орталығы мамандарының бірлесуімен сәтті өтті.

Науқасқа мынадай диагноздар қойылған:
— бауыр циррозы
— қақпа көктамыры қысымының жоғарылауы
— өңеш көктамырларының варикоздық кеңеюі
— көкбауырдың ұлғаюы
— екіншілік қан жасушаларының азаюы (цитопения)
— қалқанша бездің диффузды уытты жемсауы. Ол шамамен жарты жыл бойы ауырған. Ем қонбай, жағдайы күрт нашарлаған. Дәрігерлер бауыр трансплантациясын науқастың өмірін сақтап қалудың жалғыз тиімді жолы деп таныды.

Донор бауырын өз еркімен туған ағасына берген. Қазіргі таңда науқас дәрігерлердің тұрақты бақылауында. Отадан кейінгі кезең асқынусыз өтуде. Трансплантацияланған бауырдың қызметі біртіндеп қалыпқа келіп жатыр.

Мамандардың айтуынша, бауыр трансплантациясы – хирургия саласындағы ең күрделі әрі жоғары дәлдікті талап ететін операциялардың бірі. Айта кетейік, бұл – облыста сәтті жасалған үшінші ота.

Дилара Иса