Шымкентте «Батырларға тағзым» шеруі өтті

350

Шеруді Шымкент қаласының әкімі Ғабидолла Әбдірахымов, бірінші орынбасары Қайрат Нұртай, қалалық мәслихат хатшысы Ғани Ташқараев бастап жүрді.

Жылдағы дәстүр бойынша шеру барысында Ұлы Отан соғысына қатысқан батырлардың туыстары олардың , портреттерін алып жүрді. Оған мыңнан астам адам қатысты. Шеру бір минуттық үнсіздікпен бастау алды. Ұлы Жеңісті жақындатқандардың барлығын еске алды. Даңқ обелискіндегі мәңгілік алауға гүл шоқтары қойылды.

«Ардагерлер жыл сайын азайып келеді және біздің міндетіміз – бейбітшілікте өмір сүріп жатқан ұрпақтары олардың ерлігін есте сақтау», – деп Ғабидолла Әбдірахымов Шымкент халқын Жеңіс күнімен құттықтады.

Мерекеге жиналған қонақтарға әскери өмір туралы театрлық қойылым көрсетілді және әскери далалық ас үйінде ботқадан дәм татты.

Соғыс жылдарында Шымкенттен 23 мыңнан астам адам майданға аттанды, олардың 11 мыңнан астамы жауынгерлік алаңдардан қайтпады. Бүгінгі күні қалада Ұлы Отан соғысының 54 ардагері және 4 276 соғыс ардагерлеріне теңестірілгендер мен тыл еңбеккерлері бар.