Шымкентте көпқабатты үй аулаларының қауіпсіздігі күшейтіледі

323
Желтоқсан көшесінің бойындағы көпқабатты тұрғын үйдің ауласы

Шымкентте көпқабатты үйлердің ауласы мен кіреберісіндегі қылмыс және құқықбұзушылықты жою үшін арнайы жүйе қолданысқа енеді. Бұл жөнінде Шымкент қалалық полиция департаментінің басшылығы мен күзет қызметі және тұрғындар жұмыла жиналған басқосуда айтылды.

Жаңа жоба бойыша, көпқабатты үйдің тұрғындары үшін ортақ бақылау пульті орнатылады. Қылмыс нышанын байқаған тұрғындар тәртіп сақшыларын сол пульт арқылы шақыра алатын болады. Полиция департаментінің бастығы Ералы Жұмаханбетов төрағалық еткен жиында тұрғындар өз талап-тілектерін жеткізуді ұмытқан жоқ. Олар күзет қызметінің көмегіне жүгінуі үшін жаңа әрі тиімді жобаның қажеттілігі туындағанын айтады. Яғни, учаскелік полиция бір уақытта ондаған тұрғын үйдің ауласын біртіндеп аралауға қауқарсыз. Сондықтан күзетшілердің төлемі төмендетіліп, жаңа жобаға жұмылдырылғанын қалайды.

Мөлдір Бекеева