Шымкент қаласы бойынша ЭТД қызметкерлерімен жедел-іздестіру шараларын жүргізу барысында Шымкент қаласындағы Енбекші ауданында белгісіз тұлғалардың сауна атын жамылып «казино» ұйымдастырғанын анықтады.
Бұл үшін ұйымдастырушылар қаладағы сауналардың бірінде ойын залын жалға алып, покер үстелін орналастырып, дилерлерді, кассирлерді жұмысқа алған, олар ойын өткізіп, ақша қаражаттарын алу мен беруді жүзеге асырып отырған. Ұтқан сәтте ақша кассадан төленіп отырған. Электронды казино мен интернет казино қызметі Қазақстан Республикасының аумағында тиым салынған.
Мекемені қарау барысында 1 миллионнан артық ақша қаражаты, 247 дана «фишка», покер үстелі, ойын қарталар тәркіленді. Сонымен қатар, ойын залының барының тиісті лицензиясыз сатылып келген арақ-шарап өнімдері тәркіленді.
Қазіргі уақытта алынған аппараттық-бағдарламалық кешендер бойынша техникалық зерттеулер тағайындалды. Аталған факт бойынша ҚР ҚК 307 бабының 1 бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп тексеру амалдары жүргізілуде.
Ал Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ойын мекемелері саласындағы кәсіпкерлік қызмет Ақмола облысының Бурабай-Шортанды және Қапшағай су қоймасының оң жақ жағалауында ғана рұқсат етілген.