Шымкенттегі орталық көшеде көкнәр гүлдеп тұр

522

Шымкент қаласы Полиция департаментінің Консультативтік-кеңесші органның мүшесі Любовь Доброта Полиция департаментіне хабарласып, орталық көшелердің бірінде есірткі тектес өсімдік заты өсіп тұрғаны туралы хабарлаған.

Шымкент қаласы ПД Есірткі бизнесіне қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері жедел түрде аталған мекен-жайға барып, орталық көшелердің біріндегі аялдама жанындағы гүльзарда 1 дана сора өсімдігі мен 1 дана көкнәр есірткі тектес өсімдігі өсіп тұрғаны анықтады.

Аталған жайт бойынша Шымкент қаласы ПД Әл-Фараби ауданының Полиция басқармасының СДТБТ-не ҚР ҚК-нің 300 бабы, 1 б. бойынша тіркелді. Қазіргі таңда сараптамалар тағайындалып, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.