Қаладағы саябақтарға орнатылған спорт алаңшаларының басым бөлігі жарамсыз күйге түскен. Әсіресе 2014 жылы Жеңіс саябағына қойылған спорт элементтері ересектер мен балалар үшін қауіпті деуге болады.
Еңбекші ауданы әкімдік мамандарының мәлімдеуінше аудандағы тап осындай тозығы жеткен алаңшаларды күтіп ұстау үшін арнайы бағдарлама әзірленген. Мемлекеттік — жеке меншік әріптестік бағдарламасының құны 1 млрд. теңгеден астам.
Жоспар іске асқан жағдайда жеңімпаз жеке кәсіпкер аудандағы 30 — дан астам спорт алаңшалары мен көпқабатты үй аулаларындағы алаңшаларды күтіп ұстайтын болады. Одан бөлек көпқабатты үй аулаларына бірнеше алаңша орнатып береді.
Нұрлан Күдерұлы