«Зобалаң» деректі романы таныстырылды

2332

Белгілі тарихшы әрі жазушы Момбек Әбдәкімұлының «Зобалаң» атты деректі романы оқырманға таныстырылды. Жаңа кітапта ашаршылық жылдарындағы азалы күндер, аштық қырғыны қамтылған. Автор алапат ашаршылықты жазудағы басты мақсат — бүгінгі жастарды ел тарихының айтылмай жүрген тұстарымен таныстыру екенін айтады.

Тарихын білмеген ұрпақтың болашағы бұлыңғыр деген аға буын өкілдері жастарды кітап оқуға үндеді. Жастардың өткен тарихпен танысып, бүгінгі биктерді байқай білуі үшін олардың кітап оқуға деген қызығушылығын ояту керек, дейді кітап таныстырылымына қатысқандар.

«Бұл кітапта тарих өте жақсы жазылған. Жастарды кітап оқуға тартуымыз керек. Жамбыл облысында бір жылда 100 кітап оқыған жасқа 1 миллион теңге береміз деген жоба ашылған. Сондай жобаларды біз де қолға алуымыз керек сияқты. Жас буынды осылайша кітап оқуға ынтасын ашуымыз керек», — дейді аға буын өкілдері.

Жанерке Хумар