Батыр Б.Момышұлының жарияланбаған еңбектері жарық көрді

739
"Жарияланбаған жазбалар" атты кітап жарық көрді

Бауыржан Момышұлының еш жерде жарияланбаған жазбалары жарыққа шықты. Оны жазушы Момбек Әбдәкімұлы жинақтап кітап етіп шығарды. Кітапқа Кеңес Одағының батыры, халық қахарманының әңімелері, шығармалары енгізілген. Сондай-ақ батырға жазылған хаттар да топтастырылыпты. Мәселен, әнші, халық қаһарманы Роза Бағланованың жазған тілек-хаттарын да кездестіруге болады. Жазушы жылдар бойғы еңбегін көпшілікке таныстыру үшін Шымкентте жаңа кітаптың тұсаукесер рәсімін өткізді.

Момбек Әбәкімұлы "Жарияланбаған жазбалар" атты жинақ батырдың жан дүниесін толықтай тануға көмектеседі дейді
Момбек Әбәкімұлы «Жарияланбаған жазбалар» атты жинақ батырдың жан дүниесін толықтай тануға көмектеседі дейді

Момбек Әбдәкімұлы, жазушы: «Бауыржан Момышұлы қазақтың маңдайына біткен біртуар ұлдарының бірі. Оның ерлігін я болмаса жазған еңбектерін жарнамалауға да жоқпыз. Себебі, халық біз айтпай-ақ Баукеңді жақсы таниды. Оның шығармаларын халық бұрыннан жақсы таниды. Сондықтан сол шығармалар сияқты мұнда да батырдың өр мінезі, рухы, биік парасаты, философиялық ойларының бәрі көрініп тұрады. «Солдаттың соңғы күні» деген бір пьеса аяқталмаған, бірақ оны оқыған оқырмандар өзінің шарықтау шегіне жеткендігін аңғарады, шығарма айтар ойын автордың, мақсатын бәрін түсіндіре алады деп ойлаймын. Ал «Жарияланбаған жазбалардың» менің қолыма тиюі де қызық болды. Батыр өзінің жұбайы Жәмилаға қалдырыпты. Ал Жәмила Бауыржан Момышұылының жиені Табысбекке қалдырып кетіпті. Табысбек Қалымбеков деген азамат маған келіп,  редакторлық жасап беруімді өтінді. Міне, осылай бұл еңбектер осылай жолықты маған». 

Ал батырдың жиені Табысбек Қалымбеков бұл еңбектер 20 жыл бойы сандықтың түбінде сақталғанын айтады.

Табысбек Қалымбеков, Б.Момышұлының жиені: «Жәмила апкеміз қайтыс болар алдын, қыздарына дайындап кетіпті қыздарына: Табысбектің қолына табыстаңдар, -деп. Осылайша бүкіл отбасымызды жинап, тілхат жаздырып берді маған бұл еңбекті. Осылайша 20 жыл бойы бұл еңбектер менде сақталды. 1992 жылдан бері.  Ал дәл қазіргі әсерімді айтып жеткізе алмаймын. Мен бұл аманатты орындау үшін 20 жыл бойы күттім, дәл осы кітаптың жарық көрер сәтін күттім. Сондықтан өзіме артылған аманатты орындай алдым деп есептеймін, әйтеуір. Көп кісілер жәрдем берді, рахмет айтамын! ауылдың жігіттері, жалпы ауыл жиналып жәрдем берді! Бұл да болса елдің, жұрттың Бауыржан ағаға деген шексіз құрметі деп білеміз. кітап жол тартты оқырмандарына, енді өздері бағасын бере жатар». 

 Айта өтейік, 400 беттен құралған «Жарияланбаған жазбалар» атты жинақ Шымкент қаласындағы баспаханалардың бірінде басылған. Әзірге мың данамен шығарылған тың туынды барлық кітапханалаға ғана жетті.