Қайрат Нұртас енді Шымкенттің қоғамдық көліктерінде тегін жүре алады

701

Шымкент қаласының Құрметті азаматы деген жаңа атағын жатырқамаған әнші ол үшін алдымен анасына алғысын білдірді. Арнамызға берген эксклюзивті сұхбатында әнші автобустарға таяу арада отырмайтынын айтты.

Бір қызығы, қаланың құрметті азаматы атағына лайық деп саналған тұлғалар міндетті түрде Шымкенттің тұрғыны болуы керек. Қайрат Нұртастың Шымкенттің Құрметті азаматы атанғанына қалалықтар түрліше пікір білдірді.

Кеңес Үмбеталиев, Рашкүл Оспаналиева, Абдурашид Омаров, Наталья Романова, Еркін Сатқанбаев, Хайрулла Сәрсенов, Қайрат Молдасейітов, Икрам Хашимжанов, Серік Төлбасы.

Аты аталған қаламыздың бұл тұрғындарының барлығы күні кеше Шымкенттің Құрметті азаматы атанды. Шымкенттің құрылыс, білім, медицина салаларына үлес қосқандар қатарында Қайрат Нұртас та бар. Түркістан облысының тумасы, Нұр-Сұлтан қаласының тұрғыны Шымкенттің Құрметті азаматы атағын жатырқамай қабылдады.

Қайрат Нұртас, Шымкент қаласының Құрметті азаматы: «Еңбегімді бағалаған алдымен Аллаға, екіншіден анама рахмет. Ғабидолла ағамызға жастарды сыйлап, құрметтеп, бағалағанына рахмет айтамын. Баршаңыздың үміт күткен ұлдарыңызға осындай құрметке ие болсын, жұғысты болсын деп тілеймін».

Қайрат Нұртас Шымкенттің Құрметті азаматы атағына қуана қабылдағанымен тұрғындарының оған деген пікірі түрліше.

“Қайрат Нұртасты осындай атаққа лайықты емес деп ойламаймын. Шымкентте осындай атаққа лайықты, елге еңбегі сіңген азаматтар көп. Ал Қайрат Нұртастың қаламызға ешқандай да еңбегі сіңген емес» дейді қала тұрғындарының бірі.

Жаңа статусқа бір жыл бұрын ие болған Шымкент «Құрметті азаматтарды» бекіту ережесін де жаңадан бекіткен. 28 наурызда қабылданған жүйе бойынша ұсынылған 10 адамның барлығы да қала тұрғыны болуы керек. Сондай-ақ, экономика, спорт, құрылыс пен мәдениет саласының үздіктері құжатты алдын алдын ала тапсырулары қажет екен.

Шымкенттің құрметті азаматтарының қатары осымен 97-ге жетті. 1967 жылдан беріле бастаған мәртебе Шәмші Қалдаяқовқа, медицина ғылымдарының академигі Константин Скрябинге, Асанбай Асқаровқа, Мұхтар Шахановқа, Амалбек Тшанов, Қуаныш Төлеметовке берілген екен.

Назерке Үкібасова