Мемлекет басшысы еріктілерге алғыс айтты

210
© akorda.kz

Жарылыстан зардап шеккендерге көмек көрсеткен еріктілерге Қасым-Жомарт Тоқаев алғыс айтты. Бұл туралы ел президенті өзінің твиттердегі парақшасында жазды.

«Арыс тұрғындарының игілігі жолындағы ауқымды әрі пайдалы еңбектері үшін барлық волонтерлерге ризашылық білдіремін. Зардап шеккендердің жағдайы шынымен де қиын. Мемлекет оларға көмек береді. Қала мен тұрғын үйлерді қайта қалпына келтіреміз» — делінген президенттің твиттердегі жазбасында.