Шымкентте ҰБТ тапсыру басталды. Түлектердің алғашқы легі сынақты Ұлттық біріңғай тестілеудің базасындағы «Шымкент» университетінде тапсырып жатыр. Білім беру грантына үміткер талапкерлер 3 сағат 50 минут ішінде үш міндетті пән және екі бейінді пәндегі сұрақтарға жауап беруі тиіс.
Ең жоғары ұпай 140. Тестілеу пункті мобильді байланысқа қарсы құрылғылар мен бақылау бейнекамераларымен жабдықталған. Бітірушілерден тыйым салынған заттар табылған немесе ҰБТ-да тәртіп бұзылған жағдайда тестілеу нәтижелері жойылады.
Аталған науқан қаламызда биыл 5 пункте өткізіледі. Атап айтқанда, М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті, Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университеті, «Silk Way» Халықаралық университеті, Аймақтық инновациялық университеті мен Шымкент Университеті базасында маусымның 21-26 күндері аралығында жұмыс атқарылады.
Айта кету керек, биыл ҰБТ тапсыру үшін Шымкентте 8 063 бітіруші түлектің 5 463-і өтініш білдірген. Оның ішінде 4 454 оқушы — қазақ тілінде, 987 түлек орыс тілінде тапсырса, биылғы жылдың ерекшелігі 22 оқушы мемлекеттік сынақты ағылшын тілінде тапсыруға ниетті.
Айя Мүтәлі