Шымкентте кілем дүкені өртенді

335

Шымкентте кілем өнімдерін сататын дүкенде өрт шықты. 9 маусым күні сағат 16.54-те Шымкент қаласындағы базарлардың маңында,​ Мейірімді көшесі, 25 үй мекенжайынан өрт туралы хабарлама келіп түскен. Бір қабатты ғимаратта орналасқан​ кілем сататын «Есенжол» дүкенінде ашық отсыз қатты түтіндеу орын алған. Дүкеннің​ жалпы көлемі​ 432 шаршы метрді құрайды.​

Ғимаратта кілемдердің түтіндеуінен қалын түтін шыққан. Өрттің жалпы көлемі 260 шаршы.метр.​​

Өрт сағат 17:41-де оқшауланып, сағат 18:15-те толық сөндірілді. Қайтыс болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Өрттің себебі мен келтірілген материалдық шығынның көлемі анықталуда.​

Шымкентте кілем дүкені өртенді

Оқиға орнында Шымкент қ. ТЖД Өрт сөндіру қызметінің жеке құрамында 40 адам және 6 техника жұмыс атқарды.

Жанар Есенбекова