Түркістандықтар дауыс беруге белсенділікпен қатысуда

81

Түркістан облысындағы 889 сайлау учаскелері таңғы сағат 7:00-де өз жұмысын бастады. Қазіргі кезде тұрғындардың дауыс беруге қатысуы белсенді түрде жүріп жатыр.

Ал Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев облыс орталығындағы №133-ші сайлау учаскесіне барып, өз таңдауын жасады. Сондай-ақ БАҚ өкілдеріне қысқаша сұхбат беріп, еліміздегі саяси процестің өңіріміздегі өту барысына қатысты ойын білдірді.

«Облысымыздағы 889 сайлау учаскесінің барлығы тиісінше дайындалып, маңызды науқанды жоғары деңгейде өткізіп жатыр. Халық жан-жақты ақпараттандырылып, мемлекетіміз үшін жауапты сәтте өз таңдауларын жасауда. Өңірімізге ТМД-да, ЕҚЫҰ-дан және өзге халықаралық ұйымдардан бақылаушылар арнайы келіп, сайлаудың барысына бақылау жүргізуде. Еліміздің келешегін айқындайтын ерекше сәтте баршаңызды белсенді болуға шақырамын», – деді Ө.Шөкеев.

Айта кетейік облыстағы сайлаушылардың саны 1 181 946 мың адамды құрайды. Өңірдегі саяси процесті шетелдік бақылаушылар бақылауда. Сондай-ақ еліміздегі қоғамдық бақылаушылар да тиісінше қатысуда.

 

QAINAR KÓZТүркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі