Шымкент қалалық төтенше жағдайлар департаменті арнамыз арқылы қала тұрғындарына хабарлама жасады.
Төтеншеліктер «Шымкент қаласында 10 балдық жер сілкінісі болады» деген әлеуметтік желілерде тарап жатқан аудиожазбалардағы ақпарат жалған екенін, тек ресми хабарламаларға сенім арту керектігін шымкенттіктерге кезекті рет ескертеді.
Зарипа Тұрысбекова, Шымкент қалалық төтенше жағдайлар департаментінің бас маманы: «Оңтүстік өңірінде 10 балдық жер сілкіні болмаған, болмайды. Арыста 3-5 балды жер сілкіні орын алды. Оның әсерін шымкенттіктер онша байқамады. Егерде бір жағдай орын алса, төтенше жағдай департаменті ресми хабарлама жасайды».
Шынар Оразова