Жетісай мен Мақтааралда полицейлер «Халықтық кеңсе» ашты

187

Түркістан облысы Полиция департаментіне қарасты Жетісай және Мақтаарал аудандық полиция бөлімдері жанынан «Халықтық кеңсе» ашылды.

ҚР Ішкі істер органдарын жаңғырту жөніндегі «2019-2021 жылдарға арналған жол картасын» іске асыруға байланысты азаматтарды арнайы қабылдауға бағытталған. Ашылған халықтық кеңсеге Түркістан облысы Полиция департаментінің бастығы, полиция генерал-майоры Қайрат Дәлбеков, Жетісай мен Мақтаарал аудандарының әкімдері, аудан ардагерлері, жергілікті тұрғындар, БАҚ өкілдері мен АПБ-нің жеке құрамдары қатысты.

Халықтық кеңсенің басты мақсаты – халықпен кері байланыс орнатып, тұрғындардың мұң-мұқтажын тыңдап, арыз шағымдарын қанағаттандыру. Аталған кеңсенің халықпен етене араласудың сара жолына айналатынына сеніміміз мол.

Жанар Есенбекова