Арыста жөнделіп жатқан аурухананың шатырынан өрт шықты

170
Арыс, аурухана өрт

Арыс қаласында жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқан аурухананың шатырында құрылыс қоқысы өртенді.

Түркістан облысы ТЖД басқарма бастығы Бақытжан Запаров хабарлағандай, » 9 шілдеде сағат 13:47-де Арыс қаласында аурухана жанып жатқаны туралы хабарлама келіп түсті. Оқиға орнына өрт сөндіру қызметінің 4 көлігі мен 25 қызметкері келді. Оқиға орнында өрт ошағы медициналық мекеменің шатырында болғаны анықталды. Онда ескі құрылыс қоқысы өртенді.

Қазіргі уақытта аурухана бос, онда құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Жану алаңы 16 шаршы метрді құрады. Зардап шеккендер мен құрбан болғандар жоқ. Өрттің шығу себептері анықталуда».

Шакир Умаров