Дене белсенділігін арттыру

1372

Денсаулық — табиғаттың ең қымбат сыйы. Денсаулық сақтаудың алдын алуға болады. Ол үшін дұрыс тамақтануға, уақытында демалуға, дене қимылымен айналысуға көп көңіл бөлу қажет. 

Денсаулық сақтауда дұрыс тамақтаудың маңызы зор. Ал спортпен айналысу — денсаулықты жақсартады. Спорттың ең қарапайым түрі — жүгіру. Күн сайын таңертең үйдің маңайында, саябақта жарты сағатгай жүгіруе болады. Ол жүрек жұмысын ұлғайтады және жалпы физикалық жағдайды жақсартады, денсаулықты нығайтады.

Ұдайы тұрғыдағы дене белсенділігі өмір сүру сапасын жақсартуы мүмкін. Дене белсенділігі адам денсаулығын маңызды түрде жақсартып, ағзасындағы төмендегі бұзушылықтардан арылтады:

Арқадағы ауырсыну белгілері,

Депрессиялар мен мазасыздану,

Инфаркт пен инсульт,

Қан қысымының жоғарылауы,

Денені май басу,

Остеопороз,

2 үлгідегі қант диабеті

Физикалық дене белсенділігі біздің күнделікті өміріміздің бөлігі болуы тиіс.Төмен физикалық дене белсенділігі өз уақытының негізгі бөлігін компьютер алдында өткізетін кеңсе жұмысшыларында өте жиі көрініс алады. Алайда жұмыс күні бойына қозғалыстың жеткіліксіздігін кеңседе-ақ толтырса болады. Мысалға, компьютер алдындағы әрбір сағат сайын сіз саусақтарыңыз бен білегіңізді жазсаңыз, қолыңызды жоғарыға көтеріп, шынтақ буындарын айналдырсаңыз және иығыңызды қозғасаңыз сізге ешкім алайып қарамайды. Сондай – ақ қанайналымды қалпына келтіру үшін басыңызды алға –артқа, оңға –солға қарайтып тез жылдам емес, абайлап және ақырын бұру қажет. Нұсқама ретінде бұл жаттығуды ұжымда жасауға болады, ол қызметкерлерге пайдалы болып келеді.  Сондықтан құрметті оқырман, дене белсенділігінің маңыздылығын ұмытпайық!!!

Әл-Фараби аудандық ҚДСБ.