Медициналық сақтандыру қоры: Тариф қалай және ненің есебінен өзгереді?

255
фото Хабар 24

Медициналық сақтандыру қоры өткен жылдан бері тарифтерді жетілдіру жұмыстарын жүргізіп келеді. Атап айтқанда, Қор тарифтерді көтеріп, аймақтар арасындағы тариф алшақтығын жоюды ұсынған болатын.

Жалпы алғанда, тарифтерді есептеу әдістемесі де түбегейлі өзгермек. 2021 жылдан бастап тариф қалыптастыру барысында амортизациялық шығындар ескерілетін болады. Бұл – тариф мәселесіндегі негізгі өзгеріс.

Медициналық қызметтердің нарықтағы бағасы мен мемлекеттік тарификаторды салыстырсақ тариф қалыптастыру тәсілдерінің арасындағы алшақтықты байқауға болады. Мысалы, кепілдендірілген тегін медициналық көмек шеңберінде бүйрекке жасалатын УДЗ үшін 804 теңге төленеді. Ал, мемлекеттік медицина ұйымдарында УДЗ ақылы түрде жасату үшін орта есеппен 2 230 теңге төлеу қажет.

Шешуді қажет ететін мәселенің бірі – профилактикалық қызметтерді дамыту саласы. Бұл қызметтер емханалар мен дәрігерлік амбулаторияларда көрсетіледі. Ең алдымен осы блоктағы тарифтерді көтереміз. Себебі профилактиканың мәні зор. –
«Медициналық сақтандыру жүйесі денсаулық сақтау саласына, яғни әрбір пациентке бәсекелестікке дайын клиникалар санын арттырып, халыққа көрсетілетін қызмет сапасын жоғарылатуды көздеп отыр» – деді, «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Түркістан облысы бойынша филиалының директоры А.Бейсенбаев.

Қор еліміздің барлық аймақтарында қызметтің қолжетімділігі мен сапасын қамтамасыз ету мақсатында тарифтерді теңестіру жұмыстарын жүргізіп жатыр. Бұрын-соңды мамандандырылған көмек жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын. Салдарынан, 2018 жылы аймақтар бойынша онкология саласындағы айырма 3,1 есеге жеткен. Мысалы, Ақтөбе облысында қатерлі ісікке шалдыққан 1 сырқатты емдеу құны айына 4,1мың теңге болса, елордада 12,5 мың теңгені құрады. 2019 жылы осы айырма 2,6 есе қысқартылды.