Шымкент қаласы мәслихатының депутаттары мен қала халқының назарына
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 10 бабына сәйкес, Сіздерді алтыншы шақырылымдағы Шымкент қаласы мәслихатының кезектен тыс елу төртінші сессиясы 2019 жылдың 26 тамызында сағат 11.00-де қала әкімдігінің үлкен мәжіліс залында, Шымкент қаласы, Nursultan Nazarbaev даңғылы,10 мекен-жайында өтетіні туралы хабардар етемін.
Сессияның қарауына келесі мәселелер ұсынылады: 1. Шымкент қаласы әкімдігінің дербес құрамы туралы; 2. Қаратау ауданының әкімін тағайындауға келісім беру туралы; 3. Шымкент қаласы әкімдігінің жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі ведоствоаралық комиссиясының дербес құрамына өзгерістер енгізу туралы; 4.Шымкент қаласы әкімдігінің жанындағы құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі ведоствоаралық комиссиясының құрамына өзгерістер енгізу туралы; Сессия қарауына келіп түсуіне қарай өзге де мәселелер енгізілуі мүмкін.
Шымкент қаласы мәслихатының хатшысы Ғ.Ташқараев