«Барлық сайлау конституциялық мерзімде өтеді». «Нұр Отан» партиясының саяси кеңесінде Нұрсұлтан Назарбаев осындай мәлімдеме жасады. Одан бөлек партия мүшелерінің барлығына жұмсақ креслоларынан тұрып, жұмыс істеуге шақырды.
Елбасыдан ескерту алғандардың қатарында шымкенттік шенеуніктер де бар.
Енді жұмыс істемейтіндер партия қатарынан шығады. Еліміздегі біраз ЖОО-ның да ректорлары алдағы уақытта жылдап отырған жылы орындарын жұмыс істейтіндерге босатып береді. Тұңғыш Президент осы мәселе бойынша жауаптыларға шегелеп тапсырма берді.
«Ректорлармен жұмыс істеу керек. Бірнеше жыл, 10-20 жылдан отырған ректорлар бар. Білім және ғылым министрі қайда? Қазір біз Қасым-Жомарт Кемелұлымен келістік. Президент тағайындамайды. Үкімет жасайды. Жұмыс істейтін, балаларға жаны ашитын, білім беретін адамдарды қалдыру керек» деді Елбасы.
Мәжілістегі партия фракциясының жұмысы күшейеді. Оған жетекшілік етуге төменгі палатаның қазіргі спикері Нұрлан Нығматулин ұсынылды. Фракция алдағы уақытта заң шығару ісін жетілдіріп, бюджет қаражатын бақылайды. Бұл жүктелген міндеттің бір бөлігі ғана.
«Фракцияның үлкен күш екендігін әліге дейін білмейміз. Ол тіпті премьер министрдің кандидатурасын анықтайды. Жаңа заң бойынша министрлер де өту керек бұдан. Почему ни одного министра не отклонили. Почему не продолжили снять за не проделанную работу. Не берут на себя. Фракция должна быть боевая работающая. Тогда и будет авторитет.
Жемқорлармен күрес күшейіп, шенеуніктер қатары тазаланады. «Нұр Отан» партиясының мүшесі екендігін тек төсбелгісі растайтын азаматтардың орны да алмасады. Оны жүзеге асыруды Елбасы осы жиыннан бастап кетті. Республикалық «Егемен Қазақстан» газетінің басқарма төрағасы Дархан Қыдырәлі мен «Жас Отан» жастар қанатының көшбасшысы Дәулет Кәрібек нұротандық атанды.
Меруерт Ахан