Шымкентте садақ атудан Қ. Спатаев атындағы халықаралық турнир басталды

463

Осымен 44 — рет ұйымдастырылған жарысқа биыл 11 команда жиналған. Олардың 3 – і Грузия, Тәжікстан және Өзбекстаннан келсе, қалғандары Қазақстанның әр аймағынан бас қосты. Басты мақсат — ел құрамасына лайықтыларды іріктеу.

Виталий Ворабьев, жарыстың бас төрешісі: «Қ. Спатаевты еске алуға арналған турнир спортшылар үшін өте жауапты жарыс. Себебі жоғары нәтиже көрсетіп, жеңіске жеткен мергендерге спорт шеберлігіне үміткер, спорт шебері және халықаралық дәрежедегі спорт шебері атағы беріледі. Және ел құрамасы сапына енуге үлкен мүмкіндік бар».

Халықаралық турнир 18 — қазанға дейін жалғасады. Одан соң жарысты сәтті аяқтаған спортшылар Азия біріншілігінде сынға түседі. Сары құрлықтың басты бәсекесі биыл Тайландтың Банкгог қаласында жалауын көтермек.

Еске сала кетейік, соңғы Азия чемпионатында шымкенттік мергендер жалғыз қоланы қанағат тұтқан болатын.

Назерке Үкібасова