Ызғарлы күз бен қаһарлы қыстың қарсаңында шымкенттік сәнқой қыз — келіншектер үшін жақсы жаңалық! Сәнді, стильді, бастысы жылы киініп сақылдаған сары аязда тоңбас үшін «Эталон меха» тондарын алыңыз. Жаңа маусымда ресейлік дизайнерлер мутон мен қара күзеннен жасалған тондардың тың түрлерін ұсынды. Егер нақты ақшаға сатып алар болсаңыз, жәрмеңкеде 100 мың теңге үнемдей аласыз.
Қаракүзен мен қара түлкі мамығынан жасалған қыстық сырт киімдер сізді сары аязда жауратпайды. Шымкенттіктер қыс маусымына ерте қамданатындықтан, «Эталон меха» тондар дүкені шымқалалық сәнқойларға жылы киімнің кең таңдауын ұсынды. Мегаполис тұрғыны Акина Тойшиева да жәрмеңкеге алғашқылардың бірі болып келіп, таңдаған тонын сатып алды.
Акина Тойшиева, «Эталон меха» дүкенінің сатып алушысы: «Эталон Меха» Шымкентте! Осындай жақсы жаңалықты теледидардағы жарнамадан көріп, күтіп жүрдім. Бүгін міне, таң атысымен келіп, таңдаған тонымды сатып алдым. Әрине, биыл 70 жасқа толып жатырмын. Өз мерейтойыма өзім сыйлық жасап, марқайып жатқан жәйім бар. Жеңілдіктер жасап, маған көмектесіп жатыр. Сапасы таза болған соң, мен де қуана алудамы. Бізді ойлап, сонау Ресейден келген ұйымдастырушыларға айтар алғысым шексіз». Дегенмен табиғи, таза теріден тігілген тонға жетері жоқ. «Эталон меха» дүкенінде барлық уақытта сәннен де, сападан да озық болған қаракүзен мен мутон тондарының тың түрлері ұсынылады. Бұл маусымда классикалық үлгілермен бірге, соңғы кезде сәнге айналған аралас микс стильді тондарды да таба аласыз. Сапасына күмән келтірмеңіз. «Эталон меха» дүкені 1 жылға кепіл бере алады.
Алексей Виновный, Шымкенттегі «Эталон меха» дүкенінің әкімшісі: «Жас арулар мен егде әйелдердің талғамына сай келетін тонды бізден таба аласыз. Пятигорск фабрикасының өнімдері нарықта сапасы мықты, сенімділігімен белгілі. Бір жылға кепіл уақытымыз тағы бар. Ресейік таза осы ішік-тондарды несиеге рәсімдеп немесе бөліп төлеуге де болады. Бастысы, бұл үшін ешқандай үстемақы қосылмайды «.
Ендеше, сапалы тон іздеген сұлулар «Эталон меха» дүкеніне бұрылып, талғамындағы тонды таңдауға мүмкіндігі бар. Акция бойынша кез келген тонды сатып алғандар сол мезет 100 мың теңге үнемдей алады. Жеңілдіктің талабы да осы тиімділігімен ерекшеленіп отыр. Ал «Эталон меха» ұйымдастырған осынау жәрмеңке Сіздерді 1-қазан мен 6-қазан аралығында, Шымкент қаласындағы Темірлан тас жолы, әл-Фараби сауда үйінің аумағында, арнайы дүкенде күтеді.
Мөлдір Бекеева