«Мир меха» жәрмеңкесінде 70% дейін жеңілдіктер

«Мир меха» жәрмеңкесінде үлкен жеңілдіктер жүріп жатыр. Онда 15 қаңтарға дейін сыртқы киімдерді 70%-ға дейінгі жеңілдікпен сатып алуға болады. Сонымен қатар, онда тон сатып алушыларды жағымды сыйлықтар күтеді. «Мир меха» сауда орталығы өз тұтынушыларына заманауи жарқын үлгідегі күртешелерді, тондар мен ішіктерді ұсынады.

Қаңтардағы үскірік аязда жылы және сәнді сырт киіммен жүріңіз. «Мир меха» жәрмеңкесі үшінші мегаполистің аруларын ерекше жеңілдіктерді пайдалануға шақырады. Мұнда күзен, мутон, және бұлғыннан жасалған ішіктердің кең таңдауы бар. Сондай-ақ тұтынушылардың назарына жылы тондар мен күртешелердің заманауи үлгілері ұсынылған. Сыртқы киімнің кең ассортименті табылатын жәрмеңкеде кез келген қыз-келіншек өзіне ұнайтын ерекше үлгідегі сырт киімге қол жеткізе алады.

Аида Бекбосынова, «Мир Меха» жәрмеңкесінің сатып алушысы: «Мен шуба таңдауға келдім. Мына шуба өте қатты ұнады. Және басқа да таңдаулар бар. Келіп көрсеңіздер болады. Бұл шуба маған ұнады, өте керемет, сәнді».

Ресейлік сыртқы киімнің сапасы жылдар бойы тексерілген. Ал «Мир Меха» нарықта 7 жылдан астам уақыт халыққа қызмет етіп келеді. Мұнда әрбір ішікке таңбалау белгісі бекітілген. Соған сәйкес сатып алушылар оның түпнұсқалығын тексере алады. Ал «Мир меха» жәрмеңкесі сәнқой қыз-келіншектерді жағымды жеңілдіктермен де қуантады.

Алена Холодяева, «Мир Меха» жәрмеңкесінің әкімшісі: «Ескі жаңа жылды «Мир меха» жәрмеңкесімен қарсы алыңыз. Бізде сіз өз қалауыңыздағы тондарды таба аласыз. Бізде күзен, мутон және бұлғыннан жасалған стильді және сапалы тондардың кең ассортименті бар. 12-15 қаңтар аралығында кез-келген тонға 70% дейін үлкен жеңілдіктер қарастырылған. Сонымен қатар, 24 айға тиімді бөліп төлеу мүмкіндігі де бар. Кез келген ішіктерді сатып алғанда сізге альпака тоны сыйлыққа беріледі. Және 70 мың теңгеге сыйлық сертификаты бар».

Сырт киімдерді Халық банкі немесе Хоум банкінен 12 айға бөліп алу мүмкіндігі де қарастырылған. Жағымды жеңілдіктерге қол жеткізу үшін Темірлан Тас жолы 19 мекен-жайында орналасқан «Мир Меха» жәрмеңкесіне асығыңыз!

Мекен жайы: Темірлан тас жолы 19 (жаңа корпус), «Әл-Фараби» сауда-ойын-сауық орталығы