Шымкент ҚПД-нің бастығы полиция полковнигі Е.Жұмаханбетов Тоғыс елдімекенінің тұрғындарымен кездесті.
Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Тоқаев 2019 жылғы 2 қыркүйектегі Қазақстан халқына жолдауында мемлекеттік органдардың қызметкерлері халықпен тығыз қарым-қатынас жасап, халыққа барынша жақын және олардың өтініштері қабылданып, тез-арада оған заңды шешім қабылдану қажеттігін атап өтті.
Осы орайда Шымкент қ. Полиция департаментінің бастығы полиция полковнигі Е.Жұмаханбетов Тоғыс елдімекенінің тұрғындарымен кездесіп, тұрғындардың тарапынан қойылған сұрақтарды кең көлемде талқылап, шешімдерін тапты.
Шымкент қаласының Бас полицейі есігінің әрқашан ашық, тұрғындардың қандай да бір мазалап жүрген сұрақтары немесе мәселелері болса, міндетті түрде бірлесіп, ақылдасып шешімін табатынын айтты.
Ал тұрғындар өз кезегінде, Полиция департаментінің бастығы полиция полковнигі Е.Жұмаханбетовтың апта сайынғы азаматтарды қабылдауын «фейсбук» әлеуметтік желісінде тікелей эфирде көретінін айтып, оң бағасын беріп, әрбір басшы осылайша ашық және халыққа жақын болса екен – деп, өз ойларын жеткізді.
Кездесу барысында аталған елдімекенде қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету мақсатында Еңбекші АПБ-на екі қызметтік автокөлік берілді, сондай-ақ тұрғындардың өтініштерін ескере отырып демалыс күндері қосымша екі автоэкипаж жұмыс атқаратын болды.