6 интернет-казиноның жұмысына тосқауыл қойылды

111

Шымкент қаласы бойынша Экономикалық тергеу департаментімен интернет желісіне қосылған интернет-казино сайттарын табу жұмыстары жүргізілуде.

Атап айтқанда, жүргізілген талдау-мониторинг жұмыстарының нәтижесінде Қазақстан Республикасы аумағында заңсыз қызмет атқаратын 6 «интернет-казино» веб-сайттары анықталған.

Аталған веб-сайттар бойынша хабарлама ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат Комитетіне жолданған, нәтижесінде 28.10.2019 жылы интернет-ресурстарға қолжетімділік шектелген.

Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес, республика аумағында интернет-казинолардың жұмысы заңсыз бола тұра, аталған сайттарда 30 аса ойындарды (рулетка, покер, слот) нақты ақшаға Qiwi, Webmoney, Visa, Mastercard, Maestro жүйелері арқылы ойнау мүмкіндігі болған.