Түркістан облысы ПД көші-қон қызметімен 17 мемлекеттік қызмет түрі ұсынылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Аталған қызметтердің 11-і ІІО көші-қон қызметі және 6-ы «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы халыққа қызмет көрсету орталықтарымен көрсетіледі.
Мәселен, 2019 жылдың 11 айында осы мемлекеттік қызмет түрлері бойынша 2 542 481 азаматтың өтініштері қанағаттандырылды. Оның ішінде 1 899 706 мемлекеттік корпорация арқылы, 425 836-ы электронды вебпорталы және 216 939-ы тікелей Көші қон басқармасымен жүргізілген.