«Байланған бала»: жан сақтау бөліміне жатқызылды

222
фото today.kz

Құқық қорғаушы Құрманғазы Мүсірдің айтуынша, Сарыағаш ауданындағы «байланған бала» шұғыл түрде жансақтау бөліміне жатқызылған. Әкесі көмек сұрайды.

«Осыдан бірнеше сағат бұрын Сарыағаш ауданындағы екі жасар бала жедел жәрдеммен Түркістан облысындағы Келес аудандық ауруханасынан жедел жәрдеммен облыстық ауруханасына жеткізіліп, жансақтау бөліміне жатқызылды. Жағдайы ауырлай түскен сыңайлы. Баланың әкесінің айтуынша, жағдайы расында ауыр. Әкесінің өтініші бойынша барлығынан баланың өмірі үшін көмек сұраймын.

P.S .: Шымкент қаласындағы медицина деңгейіне байланысты Түркістан облысының уәкілетті адамдарымен жедел араласу қажет деп санаймын» делінген жазбада.
Естеріңізге сала кетейік, бір бөлмеде «байланған баланың» видеосы әлеуметтік желілерде жарияланған болатын.

8.01.2020 жылы жергілікті тұрғын Сарыағаш АІІБ-на бұрынғы зайыбы 2017 жылы туған баласына қысым көрсетіп жатыр деген арызбен жүгінді. Полиция бұл фактіні ҚР Қылмыстық кодексінің 140-бабы «Кәмелетке толмаған баланы тәрбиелеу міндеттерін орындамау» бойынша тіркеді.