Úı ANONS Түркістандық полицейлер байланған бала туралы бейнежазбаға қатысты түсініктеме берді

Түркістандық полицейлер байланған бала туралы бейнежазбаға қатысты түсініктеме берді

фото almaty.tv

Әлеуметтік желіде бөлме ішінде байланған баланың көрінісі бейнеленген бейнежазба жариялануда.

Бұл жайт 08.01.2019 жылы Сарыағаш АПБ-не сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелген. Арызда жергілікті тұрғын бұрынғы азаматтық некедегі әйелі 2017 жылы туылған ұлына қысым көрсетуде деп шағымданған.

Сондай-ақ, Сарыағаш АПБ қызметкерлерімен ҚР ҚК-нің 140-бабы «Кәмелетке толмаған адамды тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді орындамау» бойынша іс қозғалған. Тергеп-тексеру барысында оқиғаның толық мән-жайы мен кінәлі тарап анықталатын болады. Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеу амалдары жалғасуда.