МӘМС: Шымкентте медицина қызметкерлерінің жалақысы артты

178

Шымкентте дәрігерлер мен мейірбикелердің жалақасы артты. Жаңа жылдан бастап дәрігерлердің жалақысы 30 пайызға артса, орта буынды қызметкерлердің жалақысы 20 пайызға артып отыр.

Бұл туралы міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының басқарма төрағасы Айбатыр Жұмағұлов Шымкентке келген жұмыс сапар барысында мәлімдеді.

Медицналдық сақтандыру қорының басқарма төрағасы Айбатыр Жұмағұлов аймақтық штаб мүшелерімен бірігіп, Шымкент қаласындағы біршама медициналық ұйымдарды аралап, өзекті мәселелер бойынша медицина мамандарымен пікір алмасты.

Айбатыр Нышанұлының айтуынша, медициналық сақтандыру жүйесін енгізу арқылы Шымкент қаласындағы денсаулық сақтау саласын дамыту үшін бөлінген қаржы өткен жылмен салыстырғанда 40 пайызға артып отыр. Жаңа жүйе бойынша қаржыландыру көлемін арттыру ғана емес, тарифтердің және медицина қызметкерлерінің жалақысын арттыру көзделген.

«Медициналық сақтандыру жүйесі бойынша халыққа қызметті қол жетімді ету үшін қосымша 500 млрд. теңге қаржы бөлініп отыр. Бұл қаржы халыққа қызметті жақындату үшін жұұсалмақ. Бейінді мамандардың қызметі бүгінге дейін ақылы болып келсе, біз тегін жасауға тырысамыз. Міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесін енгізу арқылы Шымкент қаласы бойынша бөлінген қаржы көлемі артып отыр. Қаржының көбеюі арқылы медицина қызметкерлерінің жалақысын көтеру бағыттары бойынша жұмыстар іске аспақ. Нақтырақ айтқанда, дәрігерлердің жалақысы 30 пайызға артса, орта буынды медцина қызметкерлерінің жалақысы 20 пайызға артады»- дейді міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының басқарма төрағасы Айбатыр Жұмағұлов.