Түркістанда мейрамхана отқа оранды

176

Түркістанда тағы да өрт. Түркістан қаласында «Самұрық» мейрамханасы өртке оранды. Оқыс оқиға сағат 12:50-де басталған. Алдын ала ақпарат бойынша зардап шеккендер жоқ.

Алайда, мейрамхана иесі елеулі шығынға ұшырады. Қызыл жалынды ауыздықтауға шұғыл түрде өрт сөндіруден 25 қызметкер 7 бірлік техника жұмылдырылды. Тілсіз жауды сағат 13:25-те сөндіріп бітті.

Алаудың көлемі 48 шаршы метрді құрайды. Қазір өрттің шығу салдары анықталып жатыр деп хабарлайды Түркістан облысы төтенше жағдайдар департаментінің ішкі және сыртқы коммуникациялар тобының бас маманы Дәрмен Әжімұханов.

Нұрлан Сұлтанбек