Алимент бойынша борышкер азаматтарға арналған бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтті

255

Аталған шара «Бекжан» базарында орналасқан Шымкент қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығында болып өтті.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 26 қарашадағы №875 қаулысымен бекітілген «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған бағдарламасы» бойынша жұмыспен тұрақты және нәтижелі қамтуға жәрдемдесу арқылы халықтың табысын арттыру, тиісінше өздігінше жұмыспен қамтылған, жұмыссыз және аз қамтылған азаматтарды жұмыспен қамту шараларының белсенді түрлеріне тарту арқылы жұмыссыздық және кедейлік деңгейін төмендету көзделген.

«Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017–2021 жылдарға арналған бағдарламасын»жүзеге асыру мақсатында қала шеңберінде Алимент берешегі бойынша борышкер азаматтарға арналған бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өткізілуде. Бүгінгі жәрмеңкеге қала аумағында орналасқан 285 кәсіпорындар мен мекемелер қатысып, 2388 ге жуық бос жұмыс орындарын ұсынып отыр.

Сонымен қатар, бағдарлама аясында 1500 жуық уақытша бос жұмыс орындары ұсынылды (жастар практикасы, әлеуметтік жұмыс орындары, қоғамдық жұмыстар).
Осы жәрмеңкеде жұмыс берушілердің өздеріне қажетті мамандарды таңдауға, ал жұмыс іздеп келген азаматтарға мамандықтары бойынша жұмысқа тұруға мүмкіншіліктері бар. Біздің басты мақсатымыз жұмыссыз азаматтардың санын азайту және олармен тығыз жұмыс жасау.