Бокстан Сидней Олимпиадасының чемпионы, ұлт мақтанышы, жасындай жарқылдап өткен талантты боксшы Бекзат Саттархановтың әкесі Сейілхан Саттарханов бақилық болды.
Сейілхан Саттарханұлы 1949 жылы 19-шы қыркүйекте Түркістан қаласында дүниеге келген. Жұбайы Сырлыкүлмен бірге 4 бала тәрбиелеп өсірген. Медицина саласында еңбек еткен Сейілхан Саттарханұлы «Бекзат» шағынауданында ақсақалдар кеңесінің төрағасы болған.