Шенеуніктер пандустарды тексерді

141

 

Мүмкіндігі шектеулі азаматтардың қоғамдық орындарда кедергісіз жүріп-тұруы қашан да салаға жауаптылардың жіті қадағалауында.

Бүгін «Nur Otan» партиясы Шымкент қалалық және Әл-Фараби аудандық филиалдары жанындағы партиялық бақылау комиссиясының мүшелері мен Шымкент қаласы жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының өкілдері мүмкіндігі шектеулі азаматтардың қол жетімділігін тексеру үшін қаладағы бірқатар нысандарды аралап көрді.

Жауаптылар «Кедергісіз келешек» партиялық жобасы аясында теміржол және автовокзал аумақтарындағы пандустардың талапқа сәйкестігін зерделеді. Тараптар зерделеу жұмыстары барысында кедергісіз орта жасақтауда мүмкіндігі шектеулі азаматтар тарапынан түсетін ұсыныс-тілектердің барлығының да ескерілетін жеткізді.

Алдағы уақытта да партия өкілдері мен басқарма қызметкерлері қаладағы өзге де аумақтардағы мүгедектерге жасалатын жағдайларды жіті бақылауға алатын болады.

Мақпал Рысбаева