Шымкентке газ жетіспейді. Қала жұртының бұл қажеттілігі бүгінде сағатына 260 текшеметрді құрайды. Ал жергілікті стансалардың қуаттылығы 200 текшеметрден аспайды. Бұл туралы бүгін сала өкілдерінің қатысуымен өткен брифингте мәлім болды.
Мегаполис тұрғындары сапалы әрі арзан көгілдір отынға қашан қол жеткізеді? Коммуналдық түйіткілдерге қатысты айналасы бір жыл ішінде тиісті департаментке халықтан 500-ден астам шағым келіп түскен. Осының негізінде тиісті тексерулерге шыққан мамандар 53 әкімшілік іс қозғаған.
Арыздардың дені газ бен жылу төлемдеріндегі заңсыздықтарға қатысты дейді жауаптылар. Күн райы суи салысымен шымкенттіктер көгілдір отынға жарымайды. Соған қарамастан мегаполис жұртышылығы талай жылдан бері өзге тұтынушылармен салыстырғанда табиғи газға көп шығынданады. Мұны мамандар жергілікті қосалқы сатансалардың қуаттылығының төмендігімен байланыстырып отыр.
Салаға жауаптылар жыл соңына дейін Шымкентте барлық тарифті тұрақты ұстап тұрамыз деп сендірді. Егер алдағы екі жылға жоспарланған газдандырудағы ірі жобалар іске асса, көгілдір отынның бағасы да арзандай түседі екен.
Мақпал Рысбаева