Шымкентте автобус апатқа ұшырады

197

12 ақпанда жолаушылар автобусы Шымкент орталығында апатқа ұшырады, зардап шеккендер бар. ЖКО күндіз А. Байтұрсынов пен Н. Төреқұлов көшелерінің қиылысында болған.

Жол қиылысында «Фольцваген поло» жеңіл автокөлігі №65 -шы бағыттағы автобуспен соқтығысқан. Сол жерде алынған мәліметтер бойынша екі көлік құралдары А. Байтұрсынов көшесінде бір-біріне қарама-қарсы  қозғалған.

Автокөлік қиылысында жеңіл автокөлік рульді солға Н. Төреқұлов көшесіне бұрды. Автобус жүргізушісі машинаны шұғыл тоқтата алмағандықтан, жеңіл көлікті бірнеше метрге дейін сүйреген. Апатта «Фольцваген» жүргізушісі зардап шекті.

Көкірек кеуде тұсымен қатты соғылған оны жедел жәрдем қызметкерлері келіп, ауруханаға алып кетті. Қоғамдық көлік жолаушыларының арасында зардап шеккендер жоқ. Келген полицейлер оқиғаның мән-жайын анықтауда.

Нұрлан Сұлтанбек