Шымкентте мемлекеттік қызметшілерді тергеу изоляторында ұстау шарттарымен таныстыру жалғасуда

165

 

Шымкент қаласының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі қалалық Қылмыстық-атқару жүйесі департаментімен бірлесіп мемлекеттік қызметшілерді түзеу мекемелерінде қамаудағыларды ұстау жағдайларымен таныстыру тәжірибесін жалғастыруда.

Бүгін ИЧ-167/11 мекемесінде қалалық жер қатынастары, тұрғын үй және тұрғын үй инспекциясы, кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму, отбасы, балалар және жастар істері жөніндегі, туризм, табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу, мемлекеттік еңбек инспекциясы және көші-қон басқармаларының, жалпы саны 100-ден астам мемлекеттік қызметшілер болды.

Іс-шараның негізгі мақсаты — мемлекеттік қызметшілер арасында сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілікті қалыптастыру, оларды сыбайлас жемқорлық әрекеттерінің салдарымен таныстыру болып табылады.

Шара барысында мемлекеттік қызметшілер тергеу изоляторында отырған азаматтармен кездесіп, олардың өкінішін тыңдаған қызметкерлердің бүгінгі шарадан алған әсері өзгеше болды.

Сонымен қатар, ИЧ -167/11 мекемесінің басшылығы сотталып жазасын өтеп жатқандарға тәрбиелік бағытта шаралар өтетіндігін, сондай-ақ, белсенді қатысқандарына алғыс жарияланатындығын жеткізді.

Жалпы осы уақытқа дейін мекеме қызметімен 700-ге жуық қызметкер танысты.