Úı Jańalyqtar Бәйдібек ауданы: Мемлекеттік қызметшілерге әдеп нормалары түсіндірілді

Бәйдібек ауданы: Мемлекеттік қызметшілерге әдеп нормалары түсіндірілді

фото БАӘБҚ

 

 

Қазақстан Республикасының Президентінің жыл сайынғы Жолдауында мемлекеттік қызметшілердің кәсіби этикасы мен мінез-құлық ережелері назардан тыс қалған емес. Бұл құжатта елдің дамуы мен тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексінің талаптарын сақтау маңызды екені атап өтілген. Мемлекеттік қызметшілердің негізгі міндеттері – халықтың сеніміне ие болу, ашықтық пен әділдікті қамтамасыз ету, заң мен нормативтік актілерді қатаң ұстану. Осы мақсатта Әдеп кодексі қызметшілердің моральдық-құқықтық негіздерін айқындап, олардың кәсіби және жеке өмірінде этикалық стандарттарды сақтауын міндеттейді. Әдеп кодексінің талаптары бойынша мемлекеттік қызметшілер

Қызметтік адалдық пен әділдікті сақтауы міндеттеледі әрі әділ және жекелеген мүдделерден жоғары тұрып, халық үшін қызмет етуге ұмтылады.

Қоғам алдындағы жауапкершілік те басты орында, қызметтің ашықтығы мен заңдылығын қамтамасыз етіп, қоғам алдындағы жауапкершілікті сезіну қажет. Ең бастысы, этикалық мінез-құлық ережелері мемлекеттік қызметтің беделін көтеріп, халықтың сенімін арттырады. Бұл қағидалар әрбір қызметшінің кәсіби білімі мен адамгершілік қасиеттерін дамытуға септігін тигізеді. ҚР Президентінің Жолдауында атап көрсетілгендей, мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексінің талаптарын қатаң сақтау – еліміздің тұрақты дамуы мен қоғамның өркендеуінің негізі. Әрбір қызметші өз міндетін жоғары жауапкершілікпен орындап, этикалық стандарттарға сай қызмет ету арқылы мемлекетіміздің әрі қарай өркендеуіне үлес қосуы тиіс.

Жолдаудағы әр тарау жергілікті мемлекеттік органдар тарапынан әрдайым қолдауға ие.  Осыған орай жуырда Түркістан облысына қарасты Бәйдібек ауданында алқалы жиын өтті. Түркістан облысы әкімі аппаратының Әдеп жөніндегі уәкілі Орманов Ербол Керімбекұлы қатысуымен аудандағы мемлекеттік қызметшілерге арналған түсіндіру жиыны өтті.

Жиынға аудан әкімдігі қызметкерлері, ауылдық округ әкімдері, дербес бөлім басшылары, коммуналдық мекеме жетекшілері, мемлекеттік қызметшілер және БАҚ өкілдері қатысып, іс-шараны аудан әкімі аппаратының басшысы, Әдеп жөніндегі уәкіл Әуен Фазылбек Мұхаддасұлы жүргізді.

Кездесу барысында аудан бойынша Әдеп нормаларын сақтау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша атқарылған жұмыстар, мемлекеттік қызметшілерге Әдеп кодексінің талаптары мен этикалық мінез-құлық ережелері, қызметшілердің әлеуметтік желілердегі әрекеттері мен моральдық-әдеп нормаларын сақтауына мониторинг жүргізіліп, тәртіптік шаралары қаралды.

Сонымен қатар, ауданның әдеп жөніндегі уәкілі Фазылбек Мұхаддасұлы жыл басынан бері Әдеп нормаларын сақтау және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бағытында бірқатар жұмыстар жүзеге асқанын баяндап өтті.

Жиын соңында Ербол Керімбекұлы аудандағы бірқатар мемлекеттік қызметшілерді жеке қабылдап, көтерілген мәселелерді шешу бойынша тиісті ұсыныстар айтып, назарға алып, талқылап өтті.