Бүгін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасары Т.Серікбаев және «Шымкент-адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің басшысы Е.Төлебаев Ақпараттық коммуникациялық орталықта брифинг берді.

Брифинг барысында Т.Серікбаев «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мемлекеттік саясаттың негізгі басымдықтарының бірі ретінде белгіленгендігін атап өтті. Басты бағыт ретінде превенция, яғни сыбайлас жемқорлықтың алдын алу болып табылады.
Сыбайлас жемқорлықтың алдын алуда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға, мемлекеттік органдар мен ұйымдарда парасаттылық пен ашықтық қағидаттарын енгізуге, сондай-ақ лауазымды тұлғалар тарапынан әкімшілік кедергілерді жою механизмдері арқылы іске асырылады» — деді Т.Серікбаев.
Сондай-ақ, спикер сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында жүзеге асырылып отырған «Бизнес пен инвесторларды қорғау», «Сапалы жол», «Ашық бюджеттің интерактивті картасы» жобаларына тоқталып өтті.

Сыбайлас жемқорылқытң алдын алуда басты назар сыртқы талдауға аударылады. Өткен жылы 11 сыртқы талдау (еңбек және әлеуметтік қоғау, кеден, жер қатынастары, метрологиялық қызмет, мемлекеттік сараптама, мүмкіндігі шектеулі азаматтарға көрсетілетін әлеуметтік көмек, құрылыс, тұрғын үй және тұрғын үй қатынастары, энергетика салаларында) жүргізілген.

Сыртқы талдау қорытындысы бойынша мемлекеттік сатып алу, мемлекеттік қызмет көрсету, жер учаскелері мен тұрғын үй саласындағы бұзушылықтар, сондай-ақ еңбек заңнамасының талаптарын сақтау тән тәуекелдер анықталды.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген сыртқы талдаулардың қорытындысы бойынша барлығы 84 ұсыныс енгізілді, оның 65-і орындалған.

Т.Серікбаев халықпен сындарлы диалог құру және кеңейтілген ақпараттық іс-шаралар арқылы парасаттылық қағидаттарын дамыту мақсатында құрылған Ақпараттық-ағартушылық штабтың жұмысына тоқталды.

Сонымен қатар,азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыру, сонымен қатар өмірлік маңызды мәселелерді шешу үшін халықтың әлеуметтік әлсіз топтарына құқықтық көмек көрсету мақсатында «Adal kómek» жобасы жүзеге асырылып отырғандығын жеткізді.
Кеңестер Агенттіктің Шымкент қаласы бойынша департаменті ғимаратында (Қазыбек би көшесі,3) апта сайын сенбі күні сағат 11-00-ден 13-00-ге дейін берілетінін хабарлады.
Одан әрі, сыбайлас жемқорлық көріністеріне тап болған кез келген азамат Департаментке немесе 1424 нөмірі бойынша CaII-орталыққа хабарласу қажеттігі айтылды.

Сыбайлас жемқорлық фактілері бойынша хабарламалары үшін азаматтарды көтермелеудің жаңа жүйесіне тоқталды. Осы жылдан бастап, егер адам сыбайлас жемқорлық қылмысы туралы хабарлаған болса, онда ол айыптау үкімі шығарылғаннан кейін пара сомасының 10%-ын ала алатындығын жеткізді.

«Пара немесе келтірілген залал сомасы немесе ұсынылған жеңілдіктер немесе көрсетілген қызметтер құны 1 000 айлық есептік көрсеткіштен (АЕК) (2 651 000 тенге) асатын сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар бойынша біржолғы ақшалай сыйақы пара немесе келтірілген залал немесе ұсынылған жеңілдіктер немесе көрсетілген қызметтер сомасының он пайызын құрайды, бірақ 4 000 айлық есептік көрсеткіштен (10 604 000 теңге) аспайды» — деді Талғар Серікбаев.

Өткен жылы барлығы 14 адам көтермеленіп, олардың өтініштері бойынша сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтың жолдары кесілген. Төлемдердің жалпы сомасы 2 млн. 137 мыңнан астам теңгені құрады.

Брифингте сөз алған «Шымкент-адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің басшысы Е.Төлебаев бірінші басшылардың қолжетімділігін, ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында атқарылып отырған жұмыстармен таныстырды.

Бүгінгі таңда бірінші қабаттарға көшкен басшылар саны 109-ға жетті. «Open Space» форматында 46 мекеме жұмыс жасап жатқандығына тоқталды.

««Шымкент – адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің бастамасымен «Ашық микрофон» жобасы қолға алынды. Кездесулер ашық диалог форматында және бейресми жағдайда өтеді.

«Ашық микрофон» жобасының мақсаты — мемлекеттік және құқық қорғау органдарының бірінші басшылары мен қала жастарын еркін пікірталас алаңында кездестіріп, олардың пікірлерін, ойларын тыңдап, бірлесе жұмыс жасауға шақыру болып табылады» — деді Е.Төлебаев.