Úı ANONS Қазақстанда коронавирусқа шалдыққандар саны 60 адамға жетті

Қазақстанда коронавирусқа шалдыққандар саны 60 адамға жетті

Қазақстанда тағы бір адам коронавирус инфекциясын жұқтырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат

ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, 22 наурыз сағат 23:50-дегі жағдай бойынша, Алматыда бір адам коронавирус жұқтырған.

Осылайша Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны 60-қа жетті. Оның ішінде Нұр-Сұлтанда – 31, Алматыда – 25, Қарағандыда – 2, Алматы облысында — 1 және Ақтөбе облысында 1 жағдай тіркелді.