ХХ ғасырдың басында И.И.Мечников алғаш рет әртүрлі соматикалық аурулар, сонымен қатар қатерлі ісіктер мен белгілі бір микроорганизмдер арасында байланыс бар екендігін тұжырымдады. Бүгінгі күнде вирусты гепатит В (73 %) және С (27 %) бауыр ісігінің дамуына, Helicobacter pylori (55 %) асқазан ісігі, ал адам папиллома вирусы – жыныс мүшелеренің ісігінің дамуына ықпал етеді.
Қауіп факторлары:
-
Шылым тарту;
-
Сексуалды факторлар (ерте басталған жыныстық өмір, жиі партнер алмастыру);
-
Ішкі факторлар (авитаминоз, әлсіз иммунитет, стресстер)
-
Қынап микрофлорасының бұзылысы,жүктілік;
-
Репродуктивті факторлар (менархе, менопауза);
-
Оралды контрацептивтерді ұзақ уақыт қабылдау;
Жұғу жолдары:
-
Адам папиллома вирусы антропонозды қоздырғыштар тобына жатады (адамнан—адамға).
-
Вирус өзінің өмірге қабілеттілігін суда сақтай алады (бассейн, монша);
-
Жыныстық жолмен беріледі. Ең қауіпті жас 17-25 жас аралығын құрайды, осыдан соң 35 жасқа дейін төмендеп, 35-54 жас аралығында жұқтыру жиілігі жоғарылайды.
- Вертикалды жол арқылы беріледі.
Алдын алу:
-
Салауатты өмір салтын ұстану;
-
Вакцина салдыру;
-
Скринингтік тексерулерден уақытында өту.
Бақдаулет Төлеген
Шымкент қалалық салауатты өмір салтын қалыптастыру
орталығының үйлестірушісі