Дәрігерлер:Коронавирустан жазылған екі адам — Алматыда

91
Коронавирус

Қазақстанда коронавирустан жазылған екі адам — Алматыда.

Дәрігерлердің айтуынша, олар ауруханадан ертең, 27-наурызда шығарылады.

Кеше елімізде коронавирустан екі адамның жазылғаны хабарланған болатын. «Екі емделуші коронавирустан жазылды. Қазір олар соңғы анализдерін тапсырып жатыр. Ертең ауруханадан шығады», — деген еді ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев.

Айта кетейік, соңғы ресми деректер бойынша Қазақстанда коронавирус жұқтырғандардың саны 97-ге жетті.

«Коронавирус індетін жұқтырған тағы 9 адам Нұр-Сұлтан қаласында тіркелді. Осы сағатта Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 55 адам, Алматы қаласында – 34 адам, Қарағанды қаласында — 2, Шымкент қаласында — 2 адам, Алматы облысында — 1 адам, Ақтөбе облысында — 1 адам, Жамбыл облысында -1 адам, Солтүстік Қазақстан облысында — 1 адам жалпы 97 науқас тіркелді», — делінген хабарламада

Дереккөз:Tengrinews.kz