Маска саудасы базарда да қызып тұр

247

Шымкент қаласының тұрғындарына маска кию міндеттеле бастады. Енді азық-түлік алуға келген жандар да базарға маскасыз кіре алмайды.

Есесіне базардың кіре берісінде медициналық бетперде саудасы қызып тұр. Мұнда бірреттік маскалар 180 теңгеден, дәкеден жасалғандары 250 теңгеден саудаланады. Базар иелерінің айтуынша, мұндай тапсырма әкімдіктен келген. Талапты орындау үшін олар маска әкеп сатуға мәжбүр болыпты. Оның өзін әрең таптық деген кәсіп иелері, бетпердені әкелген бағаға сатып тұрғанын айтады.

Құралай Кузилова,»Қазыбек» базарының иесі: «Бізге әкімдіктен базарға ешкімді маскасыз кіргізуге болмайды деген тапсырма келді. Сондықтан да медициналық бетпердені әкеп сатуға мәжбүрміз. Себебі, тұрғындардың көбісі медицианлық бетпердесіз келіп жатыр. Шынымды айтсам, мұның өзін әрең таптым. Дәріханалар көтерме бағада, 500-1000 дана масканы сатпайды екен. Салдарынан цехты табуға тура келді. Бірақ, онда да баға бұрынғыдай арзан емес екен. Біз қазір маскаларды бір тиын қоймай сатып тұрмыз»7

Назерке Үкібасова