ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев Нұр-Сұлтан қаласынан Шымкентке жолаушы тасымалдаған 35 жолаушының тексерілгендігі, ал 16-на іздеу жарияланғанын хабарлады.
«Коронавирус жұқтырған азаматты тасымалдаған автобус аныталды. 51 жолаушының 35-і табылып, карантинге жатқызылды. 16-сына іздеу жарияланды. Жақын арада табылып, карантинге жатқызылатын болады», деді Дәурен Абаев.
«KZ 646FNB 13 нөмерлі автобус Нұр-Сұлтан-Жетысай бағытында жолаушы тасымалдаған. Нұр-Сұлтаннан шығу уақыты 17:30ч (19.03.20), ал Шымкентке «Бекжан» базарына келу уақыты 23:30ч (21.03.20), ал Жетісайға 22 наурыз күні таңертеңгісін жеткен».
Короновирус жұқтырған азамат осы автобустың жолаушысы болған. Барлық жолаушылардың 103-ке хабарласуын өтінеміз».