Шардара ауданында бақылау бекеттері қарқынды жұмыстар жүргізуде

167

 

Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Тоқаевтың ел аумағында COVID-19 пандемиясының таралуына байланысты төтенше жағдай жариялаған болатын. Осыған орай Шардара ауданында да індеттің таралуының алдын алу бойынша барлық шаралар қолға алынуда.

2020 жылдың 26 наурызына Шардара ауданындағы үш бақылау бекетінен (Шымкент-Шардара, Арыс-Шардара, Шардара-Жетісай бағыттары бойынша) 544 адам ауданға келген. Бүгінгі таңға аудандық медицина қызметкерлерінің берген мәліметі бойынша дене қызуы жоғары жолаушылар анықталмаған.