Бүгін Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданы әкімі аппаратының ғимаратанда «2020 Волонтерлар жылы» аясында ауданның белсенді, ерікті жастарына арнап «Волонтерлар кабинеті» ашылды.
Ғабит Мәуленқұлов, Әл-Фараби ауданының әкімі: «Құрметті волонтерлар, арнайы ашылған кабинетте көкейлеріңізде жүрген сауалдарыңызды ортаға салып, еркін түрде пікір алмасып, ұсыныстарыңызды жеткізуге болатындығын және алға қойған мақсаттарға қол жеткізу үшін білімдеріңізбен мен күш-жігерлеріңізді ауданымыздың өсіп-өркендеуі жолында бірлесіп жұмыс атқаруға шақырамын».