Шымкентте 4 күнде ұрланған 8 мал табылды

226

Шымкентте 4 күннің ішінде ұрланған 8 мал иесіне қайтарылды. Оның ішінде бір бас қой, бес жылқы, екі сиыр.

Шымкент қалалық полиция департаменті қолға алған «Мал ұрысы» жедел-профилактикалық іс-шарасының нәтижесінде бұрын орын алған мал ұрлығына қатысты үш, соңғы тәулікте орын алған екі, өткен жылдардағы бір қылмыс ашылды. Тергеп-тексеру амалдары аясында қала көлеміндегі барлық базарларда, соның ішінде ұрланған мал сатылуы немесе сатып алынуы мүмкін орындарда шұғыл тексеру жұмыстары жүргізілген.

Сондай-ақ, ет өнімдерін алып-сататын 101 дүкен, ет тасымалдайтын 103 автокөлік және 17 қасапшы тексеріліп, «Мал ұрысы» жобасы жүзеге асып отыр.

Мөлдір Бекеева